
Құрметті жерлестер!
Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн – бейбітшілік пен ынтымақты ұлықтап, халықтың бір-біріне деген құрмет пен ризашылық танытатын жалпыхалықтық мереке.
Өзара сенім мен бір-бірімізге деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, өңіріміздің игілігі үшін адал еңбектеріңіз, жауапкершілік пен түсіністіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін.
Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен жақсылық тілеймін!
Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастырып, еліміздің басты құндылығы бірлігіміз мен ынтымағымызды нығайта түссін.
Алғыс айту күнінде - әрбір қарапайым істер үшін жүрекке жылу сыйлайтын сөздер айтылып, мерейіміз арта берсін.