Мұз аренасын салу жоспарлануда

Мұз аренасын салу жоспарлануда

Жоба бойынша арена 2,5 мың орынға негізделген. Болашақ спорт нысанында сондай-ақ фитнес-залы мен дәмхана да көзделген.

– Біз нысанды тұрғызып қана қоймай, оны МЖӘ шарты жұмыс істегенше бес жылға сенімді басқаруға алайық деп едік, – деді «H+H Technika» ЖШС атқарушы директоры Зәкіржан Мамет-Алиев. – Бұдан басқа, аталған арена негізінде хоккейден балалар академиясын ашуды жоспарлаудамыз. Бұл жұмысқа Еуропадан жаттықтырушыларды қатыстыру мүмкіндігі бар.

Жеке серіктестік қаржыландырудың келесі жолын ұсынуда: 70% шығынды компания өзіне алады, ал 30% мемлекет серіктестігіне қалады. Жобаның жалпы құны 4 миллиардқа жуық теңгені құрайды тенге.

– Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелерімен міндетті түрде айналысу қажет, – деді Болат Бақауов. – Шамалап айтқанда біз дайынбыз, бірақ заңгерлік мәселелерді зерттеп, қандай проблемалар болатындығын түсінуіміз керек. Жобаны жан-жақты білуіміз үшін оның тұсаукесерін көруіміз қажет.

Екі тарап тағы бір жұмыс кездесуін өткізуге келісті. Бұл уақытқа дейін мұз аренасының орынсыз, фитнес-залы мен дәмханасыз құрылысын қарастыратын болады.  Мұндай жоба 1,5 миллиардқа жуық теңгені құрайды.