Жылдық жоспарлар

Жылдық жоспарлар

Әр ведомствоның басшысы облыс әкіміне өз мекемесі алдындағы міндеттерді қалай орындайтынын айтып берді. Мәселен, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасындағылар мәдениет саласындағы кәсіпорындардың кірістерін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл үшін тұрғындармен жұмыс істеу формаларын дамытып, театрлардың репертуарын жаңарту, жаңа қызмет түрлерін енгізу, ақылы үйірмелердің жаңа түрлерін ашу және гастрольдік концерттердің санын көбейту бойынша жұмыс істеу керек. Сонымен бірге, ведомстводағылар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы жұмысты дамытпақ ойда.  

 – Ағымдағы жылы біз МЖӘ бойынша екі жобаны қолға алдық. Олар бойынша Екібастұздағы қаланың 50 жылдығы атындағы тынымбақ пен Ақсу қаласындағы мәдениет және демалыс саябағын бизнес ортаға беру жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы Ардақ Райымбеков. – Екібастұз бойынша инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев болса, павлодарлық спортшылардың қандай халықаралық жарыстарға қатысатыны туралы айтып берді.

– Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына біздің облысымыздан 6 спортшы қатысады деп күтілуде, – деді ол. – Сонымен бірге, біз Жазғы Азия ойындарында облысымыздың намысын кемінде төрт спортшы қорғайды деп күтіп отырмыз.

Павлодар облысының әкімі өзінің орынбасарларына олар бақылайтын басқармалардың жоспарларын қайта қарап, жиналыс барысында айтылған толықтыруларды енгізуді тапсырды.