Жаңа тағайындаулар

Жаңа тағайындаулар

Өңірлік жергілікті полиция қызметі басшысының орны бұрынғы басшы Юрий Колесниковтың облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасарлығына жоғарылағаннан кейін бос тұрған еді. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов  бұл орынға жергілікті полиция басшысының орынбасары Жасқайратов Қайырды ұсынды. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Сонымен бірге, сессия кезінде облыстық мәслихатта үш жылдан астам хатшылық лауазымды атқарған Владимир Берковский «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына ауысуына байланысты орнынан кететіні туралы белгілі болды. Жаңа жұмыс орнында ол ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысады. Аймақ басшысы Владимир Берковскйиге барлық бағыттағы әріптестігі үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.  Ашық дауыс беру барысында мәслихаттың жаңа хатшысы болып бұған дейін білім беру басқармасы басшысының болған, кейін депутат болып сайланған Бақыт Бексейітова тағайындалды.