
Оған қалалар мен аудан әкімдері аппараттарының басшылары, басқарма басшылары, сондай-ақ, облыстың сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Гүлстан Темірова, ҚР БП облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Қуандық Жұмалин, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының өкілдері қатысты.
Облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Наталья Нефедованың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиналыста жан-жақты пікір алмасып, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау және сот тәжірибесін талдау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі аппаратына, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына өтініштерді қарау тәртібін бұзуға және статистикалық есепті бұрмалауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жүргізу тапсырылды.
Сондай-ақ, оларға жол бермеу бойынша алдын алу шаралар қабылдау, әкімшілік актілерге сотқа дейін шағымдану жөніндегі жұмысты күшейту, ӘРПК нормалары бойынша оқыту семинарларын өткізу қажет.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі