«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды

Екібастұздағы жылу электр станциясында Ахметжан Есімовке 2024 жылға дейін жоспарланған №1 энергия блогын қайта құру және 2021 аяқталуы тиіс отын беру жүйесін жаңғырту сияқты ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру барысы туралы айтылды.

Ал, Павлодар мұнай-химия зауытында шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша өнімділікті арттыруға мүмкіндік берген, инвестициялар көлемі 180 миллиард теңгені құраған жаңғырту жұмыстарының нәтижесі көрсетілді. Жаңғырту арқылы зауытта шығарылатын отынның сапасын К-4 (бензин) және К-5 (дизель отыны) стандарттарына жеткізу мүмкін болды. Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы кәсіпорынынң жұмысымен танысып, жаңа қондырғыларды қарап шықты.  

«Павлодар» АЭА-да Ахметжан Есімовке потенциалды инвесторларға салық төлеудегі жеңілдіктер қарастырылған арнайы аймақтың инвестициялық тартымдылығы туралы айтылды. Сонымен бірге, ол ауыл шаруашылығында пайдаланылатын химиялық препараттар жасап шығаратын  «Агрохимпрогресс» ЖШС-де болды. Қазіргі таңда кәсіпорын Павлодар облысының нарығының 50 пайызын қамтумен қатар, барлық облыстарға өз тауарын жеткізу арқылы отандық нарықтың 7 пайыз үлесін алып отыр. Компания өкілдері алдағы уақытта обыр шегіртке мен шыбын-шіркейлерге қарсы биопрепараттар шығаруды жоспарлап отырғанын айтты