
Павлодар облысының әкімі волонтерлермен және меценаттармен кездесіп, пандемия кезінде жерлестеріне көрсеткен көмегі үшін оларға алғысын білдірді. Өңір басшысы облысымыздағы еріктілер қозғалысы мемлекеттік органдардың қолдауына сенім арта алатынын айтты.
Галстуксыз кездесу Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті. Әбілқайыр Сқақов айтқандай, санитарлық талаптарға байланысты залда Павлодар облысының тұрғындарын қолдаған барлық еріктілер мен меценаттарды жинау мүмкін болмады және оның кездесуге қатысушыларға үндеуі - бұл барлық бей – жай қарамайтын және жанашыр жерлестерге үндеу.
- Сіздердің көпшілігіңіз өз денсаулықтарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіріп, алдыңғы қатарда болдыңыздар, - деді өңір басшысы. - Осыған қарамастан, сіздер блокпосттарға тамақ апардыңыздар, провизорлық госпитальдарда жұмыс істедіңіздер, мұқтаж адамдарға дәрі-дәрмек тасымалдадыңыздар. Біздің көмек сұрауымызға қалай жауап бергендеріңіз есімде. Мойындау керек, кейде еріктілер мен меценаттар бүкіл мемлекеттік аппаратқа қарағанда тиімдірек жұмыс істеді. Сіздерді батырлар деп атаса да болады.
Біреудің бақытсыздығы павлодарлықтарды қалай біріктіргені туралы «Клуб добряков» ұйымының негізін қалаушы Асхат Құстаулетов айтты. Ол ұйым құрылғалы бері төрт жылдан астам уақыт ішінде 100 - ден астам ауыр науқас балаларды емдеу үшін шамамен 250 миллион теңге жинағанын атап өтті.
- Павлодарда көп қабатты үйлер екі апталық карантинге жабылған кезде, біздің команда олардың тұрғындарына азық-түлік жиынтықтарын жеткізді, - деді Асхат Құстаулетов. - Барлығы 4 мыңға жуық адамды қамтыдық. Бүгін мен бұл адамдарға ең алдымен моральдық қолдау көрсеткенімізді түсінемін. Ең бастысы - жабық үйлерден карантин алынып тасталғанда, олардың тұрғындары біздің клуб арқылы басқа павлодарлықтарға көмектесе бастады. Бұл «жақсылық бумерангы» деп аталады.
Павлодардан тыс жерде тұратын еріктілер кездесуге қатысушыларға өз бейнесәлемдерін жолдады. Олардың қатарында Аққулы ауданының тұрғыны зейнеткер Сәния Жағыпарова бар. Ол төтенше жағдай кезінде блокпосттарда жұмыс істеген полицейлер мен медицина қызметкерлеріне түскі ас дайындады. Төтенше жағдай кезінде азық-түлік жиынтығын жеткізумен айналысқан 13 жасар Арулат Мұхаметқали да Екібастұздан өз мүдделестеріне қосылды.
Одан кейін кездесуге қатысушылар өңір басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. «Қазақстан волонтерлері лигасы» облыстық филиалының төрағасы Карина Любченко, мысалы, өңірімізде еріктілердің бастамаларын бұдан былай да қолдай ма деп сұрады.
- Биылғы жылы әрбір белсенді волонтерлік ұйым 1 миллион теңгеден алды, - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов. - Біз, облыстың барлық тұрғындары сияқты, еріктілердің жұмыс нәтижелерін көріп отырмыз. Біздің еріктілерді қолдамауға ешқандай моральдық құқығымыз жоқ.
Павлодар облысының әкімі еріктілер мен меценаттарды алғыс хаттармен атап өтті. Асхат Құстаулетов, Сәния Жағыпарова және Арулат Мұхаметқалидан басқа, сервис және тамақтандыру колледжінің директоры Гүлмира Шұғыбаева, грузин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Яна Касьян, Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының өкілдері Гүлзира Атабаева және Константин Музалевский, сондай-ақ бизнесмендер Қобланбек Кожин, Гнел Акопян, Аурика Дяк және Михаил Желнов осындай хаттар алды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев