
Кәсіпкердің айтуынша ол басқаратын серіктестіктің қытайлық әріптестері ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруға инвестиция салуға әзір екен. Сонымен бірге, олардың сэндвич-панельдер шығарып, қой жүнін қайта өңдеумен де айналыспақ ойлары бар.
– Өндіріс учаскесін құру үшін бізге 10-12 гектар жер керек, – деді Қонақбай Ахметов. – Сонымен бірге, техниканы құрастырып, бояп, сақтайтын үй-жайлар да қажет. Осы мақсаттарға арналған бизнес-жоспарымыз бен жобамыз дайын.

Кәсіпкер бұл жобаны жүзеге асыру үшін өмір-бақи бас бостандығынан айырылғандарға арнап салынып, құрылысы аяқталмай қалған түзеу мекемесінің аумағы жақсы келер еді. Колония кешенін 3,8 миллиард теңгеге бағаланып, үш рет электронды сатылымға шығарылса да сатып алушылар табылмады.
– Ұсынылған жобаны қарап, бәрі дұрыс болса, индустриалды аймақты 10 жылға сенімгерлік басқаруға беруге болады, – деді аймақ басшысы. – Егер, кәсіпкер бұл жерді жалға алып, нақты іспен айналыспаса, оны қайтарып алу керек.

Алдағы уақытта тараптар барлық мәселелерді өзара келісіп, жұмысқа кірісуге дайын.