Жүйелілік, бақылау және талдау – облыс әкімдігінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәсілін өзгертті

Жүйелілік, бақылау және талдау – облыс әкімдігінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәсілін өзгертті

Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудің жаңа тұжырымдамасы ұсынылды. Онда тұрғындардың мәселелерін қарау сапасына ерекше орын берілген. Қалалар мен аудандар әкімдерінің рейтингі осыған байланысты болмақ.
­
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратылғаннан кейін құрылған азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің жұмысының негізі үш басты қағидат - жүйелілік, тұрақты бақылау және талдау болды.
­
- Азаматтардың өтініштері - біз қабылдайтын шешімдердің, жоспарлар мен бағдарламалардың негізі болатын маңызды ақпарат көзі. Өйткені олардың жалғыз түпкі мақсаты – қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру, - деп атап өтті Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Дүйсембинов. Ол азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімі жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді.
­
Арнайы онлайн-жүйені енгізу келіп түскен барлық өтініштердің толық есебін жүргізіп қана қоймай, оларды қараудың әрбір кезеңінде тарихын бақылауға мүмкіндік береді.
­
- Егер бұрын өтініштерді қарау мерзімдері ғана бақыланса, қазір олардың қаралу сапасы да назарда болады, - деп атап өтті Нұрлан Дүйсембинов. - Азаматтардың өтініштерін қарау сапасы әкімдер мен мемлекеттік органдар басшыларының жұмысын бағалау өлшемдерінің бірі болады. Өтініштерді талдау сапасы да маңызды. Жаңа бөлімде тұрғындар көтерген мәселелерді, олардың мемлекеттік органдарға шағымдарының сипатын және т.б. зерделейді, содан кейін қабылданатын шешімдердің, жоспарлар мен бағдарламалардың негізі болатын зерттеулердің нәтижелерін жүйелейді.
­
Маңызды жаңалықтардың бірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өтініштерді ресми есепке алу болады. Бүгінде өңір басшысының аппаратында оларды қабылдау және өңдеу тәртібі әзірленуде.
­
- Бірінші басшылар тұрғындардың өтініштерімен жұмыс үшін дербес жауап беретін болады, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Барлық басшылардың қызметін бағалаудың жаңа өлшемдері 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.
­
Сондай-ақ жұмыс кездесуі барысында егін жинау науқанының алдын ала қорытындылары талқыланды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Батырғожыновтың айтуынша, 900 мың гектар астық алқабының 186,6 мың гектары жиналды. Бүгінде өңір бойынша орташа өнімділік гектарына 7,3 центнерді құрайды.
­
- Күтілетін жалпы түсім гектарынан 8 центнер шығымдылығымен 720 мың тоннаны құрайды, - деді Серік Батырғожынов. – Бүгінгі таңда астық дақылдарының ең жоғары өнімділігі Железин ауданында - гектарына 8,9 центнер және Ертіс ауданында – гектарына 8,8 центнер болып қалыптасты. Орташа облыстық көрсеткіштен төмен - Павлодар, Шарбақты және Успен аудандарында.
­
Облыс әкімі шаруалар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктердің басты міндеті - егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтау, содан кейін егіннің сақталуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Әбілқайыр Сқақов егін жинау кезеңінде тіпті шағын шаруашылықтардың да техникамен қамтамасыз етілуін талап етті.
­
- Егіс науқаны кезінде жекелеген көкөніс шаруашылықтары егуге арналған арнайы техниканы таба алмаған жағдайлар болды, - деді өңір басшысы. - Өзінің техникалық базасы жоқ немесе оны жалға алатын шағын шаруа қожалықтарының тізімін жасап, қолда бар техниканы пайдалану кестесін жасау қажет.
­
Әкім сондай-ақ егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру қарқыны арзандатылған жанар-жағармай материалдарын іріктеу қарқындылығымен сәйкес келмейтінін атап өтті. Көктемде өңірде жосықсыз оператор-отын жеткізушіге байланысты егіс мерзімі ұзарып кете жаздады. Осыны ескере отырып, жергілікті басшыларға жанар-жағармай материалдарын жедел шығарып, оларды алқаптарға жеткізу тапсырылды. Павлодар облысында күзгі дала жұмыстарына 21,5 мың тонна жанармай бөлінді.
­
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев