Жаңа маусымға дайын

Жаңа маусымға дайын

Таныстыру рәсімі «Баянтау» спорт кешенінде өтті. Жанкүйерлер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, кейін командаға қосылған румыниялық Адриан Аврамия, Дору Пападюк, нигериялық Фуад Салами, белоруссиялық Сергей Кисляк, испаниялық Адриан Гомез және т.б. «Ертіс» клубының жаңа ойыншылары таныстырылды. Клубтың жаңа бас бапкері Жерард Нус жанкүйерлерсіз ешқандай нәтиже болмайтынын атап өтіп, оларды «Ертіс» ойындарына шақырды.

Жолдастық кездесу түрінде өтетін алғашқы матч 4-наурыз күні сағат 15:00 омбылық «Ертіс» командасы арасында өтеді. 

Қазақстан чемпионаты шеңберіндегі алғашқы ойын 11-наурыз күні сағат 15:00 «Атырауға» қарсы кездесуден басталады.