Қоқыстарды бөліп жинау қажет

Қоқыстарды бөліп жинау қажет

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта облыс орталығының бес мектебінде қоқыс қалдықтарын жинаудың жаңа жүйесін пайдалануда. Аталған жүйені арнайы контейнерлер дайын болғаннан кейін өзге оқу орындарында мамыр айында енгізу жоспарлануда.

– Облысымыздың мемлекеттік мекемелері де қоқыс қалдықтарын бөліп жинауға арналған арнайы контейнерлерді сатып алу жұмыстарын жүргізуде, – деді басқарма басшысы Қадылжан Сатиев. – Қазіргі таңда Павлодар қаласын «пилоттық аймақтар» қатарына енгізу мәселесі қаралуда, бұл қоқыс қалдықтарын бөліп жинау жүйесін «Оператор РОП» ЖШС қаражаты есебінен енгізуге септігін тигізеді. 

Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов қалада қағаз және пластикалық қоқыстарды шығарумен айналысатын арнайы компания жұмыс істейтінін атап өтті.

Кеңес барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев павлодарлық дәрігерлер де қоқыстарды бөліп жинайтынын және медицина мекемелерінде арнайы қоқыс жәшіктерін орнату туралы өкім берілгенін айтты.