
Республикалық пәндік олимпиаданы ауыл мектептерінің оқушылары арасында екінші мәрте өткізуде. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыстың ауыл мектептері оқушыларының құрама командасы жаратылыстану-математика бағыты бойынша 9 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль және республикадағы «Үздік олимпиадалық команда - 2024» атағын иеленді.
Өңір басшысы жас дарындарды жетістіктерімен құттықтап, алғысын білдірді.
- Мен Павлодар облысы командасының биыл үздік атанғанын мақтан тұтамын. Бұған ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың қосқан үлесі зор. Сіздердің жеңістеріңізбен өңіріміздің білім сапасы жоғары бағаланады, - деді облыс әкімі.
Асайын Байханов олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табыс етіп, Павлодар облысында балалардың жан-жақты өзін-өзі дамытуға, болашақ мамандығы бойынша халықаралық стандарттар деңгейінде білім алуға барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.
Соңғы екі жылда өңір оқушылары республикалық деңгейде 170-тен астам және әлемдік деңгейде 30-дан астам медаль жеңіп алды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев