Павлодар облысының әкімі Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті

Павлодар облысының әкімі Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті

– Нариман қажы Мәшһүр Жүсіп мешітінде 7 жыл қызмет атқарған, ал қазіргі уақытта оны Астанаға бас имамның орынбасары лауазымына шақырдық, – деді еліміздің Бас мүфтиі. – Оның орнына белгілі теолог, өңірді жан-жақты білетін азамат Жолдас қажыны тағайындап отырмыз.

Серікбай қажы Ораз бүгінгі таңда дін қызметкерлерінің басты міндеті діни ағымдардың өкілдерімен белсенді және сапалы жұмыс істеулері қажет екенін атап өтті. Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі дін қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсететініне уәде берді.