
Тюмень облысы экономикасының ерекшіліктеріне тоқталар болсақ, мұнда мұнай өңдеу және мұнайхимия салалары, көмір мен темір рудасын өндіру ісі, агроөнеркәсіптік кешен, ағаш өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған. Осы бағыттардағы өзара қарым-қатынастарды анықтау мақсатында Тюменьде екі өңірдің билігі мен бизнес қауымдастық өкілдерінің арасында кездесулер өтеді.
Аймақ делегациясы Тюмень облысының басты өнеркәсіп нысандары – Антипин мұнай-өңдеу зауыты мен «Тюмень электр болаты» металлургиялық зауытына барады Сонымен бірге, өңірдің фермерлері «Тюмень сүт зауыты» және «Юбилейный» агрохолдингіне баруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Тюмень-Қазақстан іскери достығын дамытуға қолдау көрсету орталығында біздің делегация Тюмень облысындағы Қазақ ұлттық-мәдени автномиясының басшысы Есенғали Ыбыраевпен жүздеседі.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Тюмень мемлекеттік университеті, мұнай-газ университеті, биотехнология және ветеринарлық медицина институттары ғылым саласындағы жаңа жобалар туралы келіссөздер жүргізеді.
Тюменде Павлодар облысының туристік потенциалы таныстырылады. Аймағымыздың туристік фирмалары тюмендіктерді Баянауыл тауларын көріп, қымыз ішуге, тұзды көлдерде денсаулығын түзеп, Шалдай қарағайлы орманында атпен серуендеуге шақырады. Сонымен бірге, ресейлік әріптестерге «Павлодар» аранйы экономикалық аймағында және бидай мен сүт өнімдерін өңдеу саласында өңіраралық қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынылады.

Анықтама үшін:
Ресей Федерациясы Павлодар облысының басты сауда әріптесі болып табылады. Өңірдің сыртқы саудасының жартысы осы елге тиесілі. 2017 жылы оның көлемі 1,4 млн. АҚШ долларын құрады.
Сауда-экономикалық әріптестіктің табысты дамуына Қазақстан мен Ресейдің ресми және іскер өкілдерінің өңіраралық кездесулері жағымды әсер етеді.