Үйдегідей

Үйдегідей

Аймақ бастшысы мен Қазақтардың ұлттық-мәдени автономия өкілдерінің кездесуі түмен-қазақ іскерлік достық Орталығында өтті. Әкім қазақ диаспорасына екі халықтың арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолында қол жеткізген жетістіктер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар Түмен қазақтарының белсенділігі арқасында Түменнен Астанаға қарай жаңа авиа бағыт ашылды. Ол бойынша алғашқы  сапар 2018 жылдың 2 маусымына жоспарланып отыр.

– Сіздерде қазақ халқының тілі мен мәдениетінің дамуына барлық жағдайдың жасалып отырғандығы бізді сөзсіз қуантуда,- деді Болат Бақауов. – Халқымыздың тарихы да, мемлекеттеріміздің тағдырлары да бір-біріне тығыз байланысты. Сонымен бірге біздің серіктестігіміз тек экономикалық мүддемен ғана шектелмейді. Біз мәдени салада бірігіп жұмыстар атқарамыз. Бұл мәселеге қатысты Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосып отыр. Ассамблея мемлекетіміздің әлем мәдениетіндегі өткізгіші болып табылады. Бүгінгі күні Павлодарда 24 этномәдени бірлестік қызмет етеді. Олардың барлығы «Достық үйінде» бір шаңырақ астында жұмыс істейді.

Аймақ басшысы Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы өкілдерін Павлодар облысында өткізілетін дәстүрлі «Ұлы Дала елі» фестиваліне шақырды. Сонымен қатар Павлодар облысының әкімі Түмен жастарын  Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілетін «Бірлік-Единство.kz» форумының құрметті қонақтары болуға шақырды.