Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік қызметтер порталымен жұмысты жолға қоюды және пандустардың болмауы мәселесін шешуді тапсырды

Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік қызметтер порталымен жұмысты жолға қоюды және пандустардың болмауы мәселесін шешуді тапсырды
Облыс әкімдігінде өткен кезекті кеңесте өңір тұрғындарын әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
 
Жұмыс кездесуі карантин шараларын кезең-кезеңмен жұмсартудың алғашқы қорытындыларын шығарудан басталды. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов атап өткендей, infokazakhstan.kz сайтына қызметті қайта бастауға кәсіпкерлерден 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті.
 
- Хабарлама сипатындағы 5,5 мыңнан астам өтінім мақұлданды, - деді өңір басшысының орынбасары. - 1,6 мың өтінім бойынша мониторингтік топтың тексеруі қажет. Ең ірі сауда нысандары – ССО-лар, сауда үйлері мен базарлар тексерілді. Нысандардың дайын болмауына байланысты 85 өтінім қабылданбады. Кәсіпкерлерге өз жұмысын қайта бастау үшін нені түзету керек екені түсіндірілді. Бүгін біздің мониторингтік топтарымыз кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ келесі аптада ШОБ субъектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігіне мониторинг жүргізу қатаңырақ болмақ.
 
Әбілқайыр Сқақов шағын және орта бизнестің локдауннан тиімді шығуына жергілікті әкімдер дербес жауапты екенін атап өтті.
 
- Қолданыстағы қауіпсіздік талаптарын орындауға уақыт жеткілікті болды, - деді облыс әкімі. - Барлық кәсіпкерлерді қойылатын талаптарды мұқият сақтауға шақырамын. Бұған эпидемиологиялық жағдай мен денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме тікелей байланысты.
 
Аппараттық кеңестің негізгі мәселесіне тоқтала келе, өңір басшысы биыл мүгедектерге арналған техникалық құралдардың 24 түрі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатынын еске салды. Келесі жылы aleumet.egov.kz сайты арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға барлық оңалту тауарлары мен қызметтері ұсынылады. Алайда порталмен жұмыс барлық жерде жолға қойылмаған. Баянауыл және Май аудандарында, сондай-ақ Екібастұзда бұл көрсеткіштер төмен. Жергілікті әкімдер айдың соңына дейін жағдайды түзетуге уәде берді.
 
 
- Сегіз ай өтті, ал мұқтаж адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет ала алмады, - деп түйіндеді Әбілқайыр Сқақов. - Жағдайды тұрақтандыру үшін және қызмет алушыларға жеке хабарласып, толық және сапалы қызмет пакетін ұсынылғанына көз жеткізу үшін сіздерге 2-3 күн беремін.
 
Сонымен қатар әкім мүгедектер үшін нысандардың қолжетімділігі тұрғысынан бұзушылықтарды атап өтті. Ол өз сөздерін қалалық ғимараттардың жанында орнатылған пандустардың барлық қолайсыздықтарын көрсететін фотосуреттермен дәлелдеді. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті проблемалар бар екендігімен келісті. Мемлекеттік мекемелер жағдайды түзетуге тырысса, ведомствоның мәліметінше, жеке секторда пандустарды сәйкестендіруге үнемі келісе бермейді.
 
- Бұл жағдайда заңды бұзушылықтың бары анық, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Мұнда тек алдын алу шараларымен ғана шектелмей, қоғамдық мониторингті пайдалану, әлеуметтік желілерді іске қосу қажет. Осы жұмысты қайта құрыңыз және осы жылдың соңына дейін және келесі жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасалатын бұзушылықтар саны қалай қысқаратыны туралы жоспар ұсыныңыз.
 
Өңір басшысы бұл жұмысты облыс орталығында ғана емес, басқа қалалар мен аудандарда да жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ ол салынып жатқан және қалпына келтіріліп жатқан ғимараттарға пандустардың орнатылуын бақылауды талап етті.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев