Малшыларға қолдау көрсету

Малшыларға қолдау көрсету

Вице-министр жұмыс сапарын Павлодар, Ақсу және Железин ауданындағы бірнеше ауыл шаруашылығы мекемесін аралаудан бастады. Арман Евниевке «Рубиком» ЖШС шошқа өсіру кешені, «Үштерек и К» ЖШС тауарлы сүт фермасы, «Тимур» шаруа қожалығындағы фермерлік өндіріс және  «Пахарь» ШҚ ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығы таныстырылды.

Качир ауданында өткен жиынға Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері мен фермерлер қатысты. Ауыл шаруашылығы вице-министрі 2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың ұлттық концепциясын түсіндірді. Осы уақыт аралығында министрлік 80 өндірістік мал жемдейтін алаң мен 7 заманауи ет өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр.

Жаңа бағдарламаның негізінде отбасылық фермалар: ірі өндірістерден гөрі мал шаруашылығында 50-100 аналық мал басы, қой шаруашылығында 600 аналық мал басы бар шағын шаруашылықтарға ықпал жасалады. Жаңа модель фермерлерді асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз ететін асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан, ІҚМ өсірумен және семірту мақсатында бұқаларды, азықтандыру қарқынды жүретін мал жемдейтін орындарды және малды сою мен дайын өнімдерді әзірлейтін ет комбинаттарын алумен айналысатын  фермерлік шаруашылықтардан тұрады.

Бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесі 4% болып табылатын және несиелеу уақыты 15 жылға созылатын жеңілдіктермен қаржыландыру қарастырылған. Вице министр нақты мысал негізінде 50 мал басы бар отбасылық шаруашылық ашудың тиімділігін түсіндірді. Оның айтуынша, ондай шаруашылықты жүргізу жылына 4,6 млн. теңгеге дейін пайда әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, Арман Евниев ауыл жастарының бизнеспен айналысуға даярлығы жөнінде айтып кетті. Ол үшін жерді жалға алып, ферманы салу, сиырларды сатып алу және жайылымдарды өңдеу үшін несие алу керек. Сол себепті вице-министр айтқандай, мемлекет осындай бизнесмендердің дамуы үшін жағдай жасап, жер мен ұзақ мерзімді несие беру керек.