
Мемлекет басшысының 8 шілдедегі жарлығымен Бақытжан Қараманов Павлодар облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны Павлодар облысының құқық қорғау блогы өкілдеріне өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Әкім Бақытжан Қарамановтың сот жүйесіндегі үлкен тәжірибесін атап өтті және жұмысына сәттілік тіледі.
- Сот жүйесінің жұмысы бүкіл қоғам үшін аса маңызды. Сот және құқық қорғау органдарының да, жалпы мемлекеттік аппараттың да басым міндеттерінің бірі тұрғындардың сенімі болып табылады, - деді өңір басшысы сот төрағасына. - Сіздің мол жұмыс тәжірибеңіз Мемлекет басшысының сот жүйесіне жүктеген міндеттерді шешуге ықпал ететініне сенімдімін.
Павлодар облыстық сотының төрағасы болып тағайындалғанға дейін Бақытжан Қараманов бес жыл Алматы қалалық сотында - қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және судья қызметін атқарды. Бұған дейін, 2002-2015 жылдар аралығында Қараманов әскери соттың судьясы болған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери сотында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әскери прокуратуралар басқармасында, ішкі әскерлердің әскери прокуратурасында және т.б. лауазымдарда болған.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев