Тап-таза болу үшін

Тап-таза болу үшін

Қалалық әкімдік мәлімдегендей, сенбілік алдында павлодарлық кәсіпорындарға, оқу орындарына және ПИК-ке 500-ге жуық көшет таратылды. Сонымен қатар, 200-ге жуық ағаш Усолка шағын ауданындағы №4 емхана мен «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» аулаларында отырғызылды.

– Қоқысты жинау мен шығару үшін біз 45 жүк тиегіш пен  115 жүкті өздігінен түсіргіш техника бөлдік,- деді ТҚШ қалалық бөлімінің бастығы Зкрия Сұлтанғазинов. – Сонымен қатар, біздің мердігер ұйымдар ағаштарды әктеу, қоршаулар мен аялдамалық құрылыстарды бояу және белгілерді көрсету бойынша жұмыстармен айналысады.

Дәл осы уақытта Павлодар маңында қарағайдың 40 мыңнан астам көшеті отырғызылды. Екі жылдық көшеттер 9 гектарға жуық аймақты алды.

– Бірнеше жылдан кейін бұл жерде үлкен орман болады, – деді ағаштар отырғызылған жерде болған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Жыл сайын сәуірде осы жерге келіп, отырғызылған қарағайдың қалай өсіп жатқанын көріп отыруды дәстүрге айналдырсақ.

Аймақ басшысы Павлодардың аула ішіндегі алаңдарды жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Нәтиже жаман емес, облыс орталығында 20 аула жөнге келтіріліп, әлі 50-інде абаттандыру қарқынды жүріп жатыр.

– Біз жөндеу жұмыстарын қажет ететін барлық аулаларды анықтадық, 180-ге жуық,- деді облыс орталығының әкімі Нұржан Әшімбетов. – Біз барлық жұмыстарды қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Баса айта кететіні, мердігерлердің алдында тек аулаға кіретін емес, әлеуметтік сала нысандары – мектептер мен балабақша, ауруханалардың кварталіші өтпе жолына дейін тас жол төсеу міндеті тұр.

Жұмыс компаниясына бірнеше жыл бойы жөндеу көрмеген Украинская көшесінің Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасынан  №3 қалалық емханасына дейінгі өтпе жолды енгізуге уәде берді.

– 2018 жылдың соңына дейін бұл аумаққа тас жол төселіп, жарық шамдары қойылады,- деді Павлодар облысының әкімі. – Негізі осы тоқсанда біз медициналық кластерді дамытпақпыз. Бұл жерде облыстық аурухана, емхана жұмыс істеп тұр, жаңа онкологиялық диспансер салынып жатыр. Бұдан бөлек, Павлодар ауданының бұрынғы емханасының ғимаратының бір бөлігін біз диагностикалық орталық ашатын оңтүстік корейлік дәрігерлерге береміз.