
Жиын алдында өңір басшысы арнайы экономикалық аймақта салынып жатқан «Северхим» ЖШС, «RTF PVL» ЖШС және «Металлогамма» ЖШС атты үш кәсіпорынға барып қайтты. Алғашқы екі кәсіпорын 2 айдан кейін іске қосылмақ, ал алюмосиликатты қуыс микросфера өндірісінің жұмысы толығымен дерлік ретке келтірілген.

– Өкінішке қарай, жалпы мөлшері 50,2 млрд теңгені құрайтын АЭА-ға салынатын инвестицияның 5,9 миллиард теңгесі ғана шетелдік салымдарға тиесілі,- деп арнайы экономикалық аймақтың дамуына байланысты жиынның басында басқарушы компания басқарма төрағасының м.о. Айбек Тұрсынғалиев мәлімдеді. – Бүгінгі күні біз арнайы аймағымызды әлемдік деңгейге шығару мақсатында көп жұмыс атқарудамыз. 2019 жылы біз 100 млдр теңге көлеміндегі инвестициямен аяқтамақпыз және оның жартысынан көбі тікелей шетелдік инвестициялар болады. Алдағы екі жылда біз жаңа 15 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауын жылдың соңына дейін жүзеге асырып, АЭА-ға жалпы инвестиция мөлшері 20 миллиард теңгені құрайтын 2 сынамалы жоба мен бір трансұлттық компанияны тарту жоспарда тұр.

Облыс әкімінің айтуынша арнайы аймақ басқарушыларына назарды маркетингке ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылым мәселелеріне де аударған жөн. Ол үшін жобаның жүзеге асырылу тиімділігі төмен аймақтарды анықтау керек.

– Жұмыс дұрыс атқарылса біз міндетті түрде қуанамыз, ал атқарылмайтын жағдайда бұл мәселелерді жоба ұйымдастырушыларымен шешу керек,- деді Болат Бақауов. – Жоба тек қағаз бетінде қалмас үшін инфрақұрылымды жобалаудың ұтымды жолдарын іздеген абзал. Біз ертеңгі күні қажетті заттарды жобалауымыз керек!
