Павлодарлықтар Наурыз мейрамын тойлауды аяқтады

Павлодарлықтар Наурыз мейрамын тойлауды аяқтады

Мерекенің құрметіне Павлодардың орталығында 70 киіз үй тұрғызылды.

Киіз үйлер қалашығында көшпенділердің тұрмысымен, мәдениетімен танысып, тазы итті сипап, нағыз аңшы құстармен суретке түсу мүмкіндігі болды.  

Барлық келген қонақтар бауырсақ мен палаудан дәм тата алды.

Алаңның ортасында үлкен тайқазан орнатылды. Келген қонақтарға Наурыз көже таратылды.

Алаңға келген адамдардың әрқайсысы қызығушылығына байланысты іс таба алды – балалар арнайы алаңда ойнады, жастар ән тыңдап, би биледі, ал спортсүйерлер үшін арнайы спорттық көріністер мен жарыстар ұйымдастырылды.

Бұл мейрамға қала тұрғындарын құттықтау үшін атақты қазақстандық жұлдыз Парвиз Назаров шақырылды.