Мереке құтты болсын!

Мереке құтты болсын!

Аймақ басшысы Ғабдолла Мусинов пен Сембай Темешевтің үйінде қонақта болды. Облыс әкімі ардагерлерге денсаулық пен амандық тілеп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.

– Біз және біздің өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз сіздердің ерліктеріңізді ешқашан ұмытпайды, өйткені сіздер – әр үйге тыныштық пен береке сыйлаған адамсыздар, – деп Болат Бақауов ризашылығын білдірді. – Ең бастысы – дендеріңіз сау болсын!

Ғабдолла Мусинов әскер қатарына 18 жасында 1943 жылы шақырылды. Алғашында пулеметтен атуды үйреніп, одан кейін танк мектебінде оқып шықты. Оқуды аяқтағаннан кейін 3-ші Булорус майданына жіберіліп, танкист болды. 1944 жылы ауыр жарақат алды. Отан соғысының I дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Жуков медальдарымен марапатталып, басқа да мерейтойлық марапаттарға ие болды. Ардагердің 4 баласы, 8 немересі мен 1 шөбересі бар.

Сембай Темешев әскер қатарына 1942 жылы шақырылды. Украина майданында атты әскер құрамында соғысты. 1944 жылы екі аяғын жарақаттап, әскерден қайтарылды. Отан соғысы ордені мен мерейтойлық марапаттарға ие болды. Ардагер 6 баласын, 11 немересі мен 12 шөбересін тәрбиелеп өсірді.