Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Ең алдымен павлодарлық ардагерлер, тыл еңбеккерлері, әскери қызметкерлер мен қоғам  Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін өткізу үшін Даңқ обелискісінің жанында жиналды.

 

– Адамзат тарихындағы ең қатал соғыстың аяқталғанына 73 жыл өтті, – деді шеру барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Бүгін біз төзімділік пен рух қуатын көрсетіп, фашизмді жеңу жолында өмірлерін құрбан еткендерді ерекше сезіммен еске аламыз. Бұл қасиетті мереке күні ең алдымен баршаңызға бейбітшілік пен татулық тілеймін. Өйткені адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Одан кейін Орталық алаңда әр түрлі жастағы әртістердің қатысуымен қойылған театрландырылған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, Естай атындағы мәдениет сарайынан ОӘД-не дейін 3 мыңға жуық адам қатысқан «Мәңгілік полк» өтті.

Мереке қонақтарын дәстүрлі түрде соғыс туралы әндер мен билермен қарсы алды. Сонымен қатар қалағандардың барлығы 3 жорық ас үйінен солдат ботқасынан дәм тата алды. «Құлагер» ипподромында ат жарысы маусымының ашылуы өтті. Оған тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар ресейлік өкілдер де қатысты. Мерекені тойлау салтанатты отшашумен аяқталды.