
Облыс әкімі айтып өткендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Павлодар облысында жалпы сомасы 11 млрд теңгені құрайтын 183 жоба жүзеге асырылмақшы. Бұл ауданның экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 52 жоба, ал осы жылы 131 жоба жүзеге асырылды. Аймақтың осы бағдарламалар аясында атқарған жұмыс нәтижелерін «ҚазМедиаОрталықтың» холында ұйымдастырылған арнайы көрмеден көруге болады. Қала тұрғындарының ең сүйікті жобаларына айналған «Ұлы Дала елі» этнофестивалі 2017 жылы жүзеге асырылған ең негізгі жобалардың бірі болды.

– «Ұлы Дала елі» этнофестивалі күннен-күнге танымал болып барады. 70 мыңнан астам көрермен этнофестивальді тамашалау үшін келді. Адамдар оған жету үшін кептелістерде тұрды. Қонақтар біздің және көрші облыстардан ғана емес, сонымен қатар диаспоралар Ресейдің Алтай өлкесінен, Омбы, Новосібір облыстарынан, Саратов қаласынан шақырылды. Шетелдіктер де жиі келіп тұрады. Олардың көбі осы фестивальдің өткізілетіні жайында біліп, демалыстарын сол уақытқа келтіріп алады. Германияға кетіп қалған адамдардың ішінде де осы мерекенің бір бөлігі болғысы келетіндер аз емес. Мен айтқандай, үш күн қатарынан үлкен концерттер өтеді. Өткен жылы этнофестиваль қонақтары қатарында Ресей, Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен келген этникалық қазақтар болды. Олармен біз бірталай мәселелерді талқыладық, – деді аймақ басшысы..

– Осы жылы біз өлкеміздің танымал тұлғаларының мерейтойларын атап өткелі жатырмыз. Соның ішінде Бұқар жыраудың 350 жылдығы, Мұса Шормановтың 200 жылдығы, Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдығы, Естайдың 150 жылдығы және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы. Барлық салтанатты іс-шаралардың шарықтауы «Ұлы Дала фестивалінде» болады. Арнайы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының өткізілуі жоспарланып отыр.
Павлодар облысында салт-дәстүрмен байланысты орындардың инфрақұрылымы жақсартылып келеді. Ғалымдар Есім ханның ордасы орналасқан жерде зерттеулер жүргізбек. Сонымен қатар өңірде Қазақстан мәдениетін көрсетіп дәріптейтін «Әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті» жобасы жүзеге асырылып келеді. Иса Байзақов атындағы филармониялық қоғамның симфониялық оркестрі Италияның 7 қаласын аралап, 22 концерт берді. Сонымен қатар Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры Египет мемлекетін аралап, өнерін көрсетпек, – деп атап өтті Болат Бақауов.
Брифинг барысында облыс әкімі жаңа мұражайдың жағдайына байланысты сұраққа жауап берді. Галереяның ашылуы келесі жылға жоспарланып отыр. – Біз ERG компаниясымен серіктестік жөнінде меморандум жасастық. Оған сәйкес мұражайдың салынуына 300 миллион теңге бөлінетін болады, – деп мәлімдеді Болат Бақауов.

Орталық коммуникациялар қызметі журналистерінің жұмысын Болат Бақауовтың брифингі барысында бір сағат ішінде қағаз бетіне түсірді. Суреттің авторы – павлодарлық суретші Жеңіс Молдабеков. Павлодар облысының әкімі республикалық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп жатқан уақытта қылқалам шебері кездесу барысын майлы бояумен кенепке салып берді. Суретшінің айтуынша журналистердің жұмысын көріп, оны суреттеу – алғашқы тәжірибесі. «Кездесу портреті» атты туындысын автор Орталық коммуникациялар қызметіне сыйлауды ұйғарды. Суретші портретті ОКҚ модераторы Қымбат Қалиға табыстады. Қызығы сол, ОКҚ брифингінің бояуға енуі алғаш рет екен.