
Сонымен қатар, құрамына өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік мекемелердің басшылары кіретін Павлодар делегациясына Уфа индустриалды паркі көрсетілетін болады. Сонымен қатар, аймақ басшысы Уфа қаласында 22-25 мамыр аралығында өтетін «Газ.Мұнай.Технологиялар» атты көрмеге қатысады. Павлодар делегациясы форумның пленарлық отырыстарының бірінде болады деп күтілуде.

Жұмыс сапарының қорытынды кезеңінде Болат Бақауов Башқұртстан Республикасының басшысы Рустэм Хамитовпен кездесті. Еске сала кететін жайт, 2017 жылдың қараша айында Челябинск қаласында өткен қазақстандық-ресейлік шекаралық форумның барысында екі аймақ басшысы өзара серіктестік жөнінде келісімшартқа қол қойды.