Әбілқайыр Сқақов экологиялық кеңестің қайта жүктелетінін жариялады

Әбілқайыр Сқақов экологиялық кеңестің қайта жүктелетінін жариялады

Әбілқайыр Сқақов экологиялық кеңестің қайта жүктелетінін жариялады

Павлодар облысының әкімі өңірдің экологиялық қоғамдастығының өкілдерімен бейнеконференцбайланыс арқылы кездесті. Сарапшылар бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізді.

Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, мұндай диалогтар облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға көмектесуі тиіс.

– Жасыратыны жоқ-Павлодар облысында экология мәселелері өте өзекті. Олардың шешімі жұртшылықпен ашық сөйлесу арқылы ғана мүмкін болады. Сіздердің білімдеріңіз, ынталарыңыз бен ұсыныстарыңыз уақтылы және тиімді шаралар қабылдау үшін өте маңызды, - деді өңір басшысы қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдеріне.

«Эком» ҚБ төрағасы Светлана Могилюк бірқатар мәселелерді көтерді. Сарапшының бағалауы бойынша Павлодар облысындағы қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы тиісті деңгейде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жобалар бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру сауалдар тудырмайды. Алайда экологиялық белсенділердің талқыланатын жобаларды әзірлеушілерге ескертулері бар. Светлана Могилюктің айтуынша, олардың сапасы көңіл көншітпейді. «Эком» ҚБ басшысы сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру және өңір тұрғындарының денсаулығына экология жағдайының әсерін зерттеу қажеттілігі туралы мәселелерді көтерді.

- Сондай-ақ экологиялық кеңестің қызметіне қатысты мәселелер де бар, - деді Светлана Могилюк. - Өкінішке орай, ол соңғы жарты жылда жұмыс істемейді. Біз кеңес кездесулерін БКБ форматында өткізіп, өңірдің өзекті мәселелерін онлайн талқылай аламыз деп ойлаймын.

Өңір басшысы коронавирус пандемиясына байланысты болған оқиғалар салдарынан кешіккен бүгінгі кездесу облыс әкімдігі мен экологиялық қоғамдастығының өзара іс-қимылының жаңа кезеңінің бастауы болатынына сендірді.

- Біздің өзара іс - қимылымызды, оның ішінде экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі экологиялық кеңестің жұмысын сапалы түрде қайта бастау қажет, - деп мәлімдеді Әбілқайыр Сқақов. - Жұмысқа біздің ғылыми қоғам да белсенді тартылуы тиіс. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін қабылданатын кез келген шаралар зерттеулер мен талдамалық деректерге негізделуі тиіс.

«Берегиня Био» ҚҚ биолог-сарапшысы Татьяна Пономарева, EcoJer өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы филиалының директоры Райхангүл Сатабаева, С.Торайғыров атындағы ПМУ проректоры Нұрлан Ержанов, ПМПУ проректоры Александр Свидерский, Экологиялық технологиялар құзіреті орталығының директоры Ахан Өмірбек және облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марина Стрелковская өз ұсыныстарымен әкіммен бөлісті. Сарапшылар ескірген жасыл қор, тарихи ластану, көлік шығарындылары, қоқысты сұрыптау және тағы басқалар туралы айтты.

Кездесу соңында облыс әкімі мұндай талқылаулар тұрақты түрде болып тұратынын атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениет саласындағы барлық сындарлы идеялар мен ұсыныстарды қолдауға кепілдік берді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі