Облыс әкімдігінде жаңа жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

Облыс әкімдігінде жаңа жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

Облыс әкімдігінде жаңа жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

Әбілқайыр Сқақов кезекті аппараттық кеңесте жылыту маусымын уақтылы бастауды және қатты отынға қатысты алып-сатарлықтың алдын алуды тапсырды.

Павлодар облысындағы күзге дайындық барысы туралы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Ертаев баяндады. Ол жоспарға сәйкес, бүгінгі таңда жылу желілерінің 15,3 шақырымының 9,1 шақырымы жөнделуі тиіс екенін атап өтті. Іс жүзінде жөндеушілер 6,2 шақырым жылу желісін тапсырды. Кестеден қалыс қалу Баянауыл ауданы Майқайың кенті мен Павлодарда тіркелген.

- Біз жөндеу жұмыстарын сәуір айында бастауды жоспарлаған болатынбыз, бірақ карантин шараларының ұзартылуына байланысты іс жүзінде маусым айында кірістік, - деп түсіндірді «Павлодар жылу желілері» ЖШС басшысы Марат Иманаев. - Екінші себеп- жұмыс қолының тапшылығы. Құбырдың кеш жеткізілуі де жағдайға әсер етті. Өткен аптада бізге құбырдың соңғы көлемі жеткізілді, қазір бұл мәселе жабық. Кадрлық қамтамасыз етуге келетін болсақ, біз «Павлодарэнерго» АҚ-мен дәнекерлеушілердің қосымша резервін құру туралы келістік. Тамыз айында біз артта қалушылықты жоямыз деп ойлаймын.

Павлодар облысының әкімі жылу берушілердің процеске белсенді түрде қосылуын және жөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтауын талап етті.

- Карантиндік режимге сілтеме жасалмауы керек, біз бірнеше айдан бері қиын эпидемиологиялық жағдайда өмір сүріп келеміз. Беріктік қорын көктемнен бастап қалыптастыру керек еді, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Адамдардың жетіспеушілігі, материалдардың болмауы жөніндегі мәселелерді жедел жабу қажет. Тұрғын үй қорына келетін болсақ, қалалар мен аудандар әкімдеріне 1 қыркүйекке дейін барлық көпқабатты үйлердің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл ресми рәсім болмауы керек-дайындық төлқұжаттары тұрғын үйлердің нақты дайындығымен расталуы керек.

Аймақ басшысы жеке сектор мен әлеуметтік нысандарды жылытуға пайдаланылатын көмірді уақтылы жеткізу қажеттілігін де еске салды.

- Тұрғындарға арналған қатты отынның бағасы мәселесін қатаң бақылауда ұстау қажет,- деп тапсырды әкім. - Біз көмірді кеніштерден түпкілікті тұтынушыға дейін тасымалдау құнын білеміз. Мұнда бағаның ешқандай ауытқуы болмауы керек.

Кеңесте басқа да бірқатар мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов курорттық аймақтағы 28 демалыс үйінің дайындық актісін алғанын айтып, екі апталық карантин аяқталғаннан кейін 50 пайыздық жүктемемен жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынды.

- Бұл бағытта кеңестер өткізу қажет, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Туристік маусымның ашылуы демалушылардың қауіпсіздігі сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл үшін демалыс үйлерінің иелері де, аудан әкімі де, санитарлық дәрігер де жауап береді.

Аппараттық кеңесте сондай-ақ орынсыз қоқыс үйінділерін жою мәселесі көтерілді. Бүгінгі күнге дейін қалалар мен аудандарда 236 қоқыс шығарылды. Облыс әкімі орынсыз қоқыс үйінділерін жоюды бір апта ішінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар өңірде азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау тәсілдері қайта қаралды. Әкімдікте Павлодар облысы тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарын бақылайтын арнайы бөлім құрылды. Әбілқайыр Сқақов өтініштерді орындамау және жауап бергенде әуре-сарсаңға салу үшін сұраныс қатаң болатынын атап өтті.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі