2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Павлодар облысының Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің мәліметтері бойынша тұрғын үйлердің саны 74716 бірлікті құрады, бұл ретте олардың жалпы алаңы – 16388,6 мың шаршы метр, тұрғын алаңы – 10390,1 мың шаршы метр.
Жеке үйлердің саны – 54462 бірлік немесе үйлердің жалпы санынан 73%, көп пәтерлі үйлердің саны – 20254 бірлік немесе 27% . Қалалық елді мекендерде 26464 үй, ауылдық жерде 48252 үй тіркелді.
Меншік нысаны бойынша жалпы алаңынын 5,5% мемлекеттік меншікке, ал 94,5% жеке меншікке жатады.
Пәтерлер саны 274,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде қалалық елді мекендерде – 208,6 мың бірлік немесе жалпы пәтерлер санынан 76%, ауылдық жерде – 66,2 мың бірлік немесе 24%.