
Әкім Башқұртстан Республикасының астанасында «Башнефть» КАҚ бөліміне кіретін Уфа мұнай өңдеу зауытында және «Kronospan» компаниясының ағаш өңдеу өндірісінде болды. Сондай-ақ Болат Бақауов «УфаОргСинтез» кәсіпорнындағы изопропилбензол шығару бойынша жаңартылған қондырғының іске қосу рәсіміне қатысты.


Уфада басталған мұнайгазхимия форумында облыс әкімі Башкирияның дәстүрлі түрде Ресей мұнайгаз саласындағы технологиялар орталығына айналғанын және осы өңірдің тәжірибесі Павлодар Ертіс өңірі үшін өте маңызды екендігін айтты.
Аймақ басшысы: -Қазақстанның ірі индустриалдық және экономикалық аймағы бола тұра, Павлодар облысы үнемі қарқынды даму мен инновацияларды енгізуге мүдделі, – деді.


– Мұндай форумдар тәжірибе алмасу, жаңа технологиялар мен шешімдер іздеуге тамаша мүмкіндіктер береді. Ашық мұнай өнімдерін алу үшін ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу, сондай-ақ пайдаланылған май мен майлайтын май рециклингі және автомобиль шиналарын өңдеу мәселелері өзекті болып қалады, – деді ол. – Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу өндірісі болғанына қарамастан, мұнайхимия саласында ресейлік серіктестермен бірлесе жұмыс істеу үшін бізде перспективалық тауашалар бар. Бұл бағыттың дамуы инвестициялық және сауда серіктестігі үшін таптырмас мүмкіндіктер береді.
Болат Бақауов сөзінің соңында форум қатысушыларын шақырып, бүкіләлемдік қолдау көрсететіне уәде берді.

