
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ассамблея мүшелерінің алдында сөз сөйлеу барысында жастармен кездескен кезде жеке пәтер алу мәселелері, білім беру гранттарын көбейту мен студенттерге арналған жатақханалардың жеткіліксіздігі туралы жиі еститінін айтты. Сол себепті де Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 5 әлеуметтік бастамасы өте өзекті болып табылады.
– Бұл бастамалардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру болып табылады, – деді аймақ басшысы. – Біз осы бастамаларды тек бірліктің арқасында жүзеге асыра аламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI съезінде мемлекет басшысы 8 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру бойынша бірінші кезекті мақсаттарды белгіледі.

Әкім айтып өткендей, біріншіден, Ассамблея өзекті жаһандандыру міндеттерін орындауда азаматтық қатыстылықты арттыру керек. Екіншіден, жаһандандыру, әлеуметтік саясат, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдылықтары мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңдағы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі Даму концепциясы мен жоспарын соңына дейін жасап бітіру қажет. Үшіншіден, ҚХА-ның қайырымдылықтағы белсенділігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс

– Ассамблеяның аясында жастар бірлестіктерінің координациялық кеңесі жұмыс істейді,- деді Болат Бақауов. – Ақпараттық технологиялар мен дамулардың жаңа заманында жастар жаһандандырудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Сол себепті жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарды жаһандандыруға тартуға бағытталған «Жаңғыру жолы» атты жаңа жастар қозғалысына жұмылдыру бойынша жұмыстарды жүргізу тиіс.
Аймақ басшысы айтып өткендей, бесіншіден, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жандандырып, оларды жергілікті бюджетті тиімді қолдануға тарту керек. Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Ассамблея Астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты іс-шараларға белсенді түрді атсалысуы тиіс.

Кезедсудің қорытынды бөлімінде Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне наградаларды табыстау салтанаты өтті. Шухарт Данбай ҚХА-ның «Жомарт жан» белгісіне ие болды. Музыкатанушы Наум Шафер, «Регион KZ» газетінің бас редакторы Роза Мустафина мен «Мерказ» еврейлік ұлттық мәдени орталығының белсенді мүшесі Максим Қарапузовқа Ассамблеяның Алғыс хаттары табыс етілді.