Дәстүрді ұмытпайық

Дәстүрді ұмытпайық

Шағын қалашық Павлодар облысының әр ауданы мен қаласы құрған 26 киіз үйден тұрады. Этноауылдың бірінші келушілерінің қатарында облыс әкімі Болат Бақауов та болды. Ол саябақты аралап шығып, басқа қонақтармен бірге қымыздан дәм татып, театрландырылған көріністі тамашалады.

Өңіріміздің қолөнершілері мен бизнесмендеріне облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына  ұлттық мәдениетімізді таныстырудың керемет мүмкіндігі туып отыр,- деді әкім. – Әр демалыс сайын осында мәдени және спорттық іс-шаралар өтетін болады. Әр адам осы жерде қызығушылығына байланысты іс таба алады.

Этноауылдан бөлек, Павлодар қаласында қалпына келтіру жұмыстарынан кейін мәдениет және демалыс саябағы ашылды.  1 маусымға қалалық бақта қоршаудың 400 метрі ауыстырылды, жаяу жүргіншілер жолының плиткалары жаңартылды, 750 көшет отырғызылды және 110 жарық беру тіректері орнатылды. Келесі жылы осында аквапарктің ашылуы жоспарланып отыр. Оның салынуын жеке кәсіпкер мойнына алды.