
1 маусым күні маусымның тұсауын джаз әртістері кескен болатын. Новосібір облысы мен Алтай өлкесінің бірнеше тобы, павлодарлық джаз оркестрі, саксофонистер мен камералы хор «Палитра джаза» фестиваліне қатысты.

– Кеш өте көңілді өтті, – деп бөлісті әсерімен Павлодар қаласының тұрғыны Әсемгүл Исмаилова. – Мен осында достарыммен апта сайын келіп, ашық аспан астында билеуге дайынмын.

2 маусым күні Орталық жағажайда танымал қазақстандық «МузАрт» тобы ән шырқады. Алдын ала деректерге сәйкес, алғашқы екі күннің ішінде «Ertis Promenade»-қа 20 мың адамдай жиналды.

Берілген ақпарат бойынша Павлодар жағажайында концерттер жаз бойы өтетін болады. Ертіс маңындағы қалада танымал ресейлік әнші Сати Казанова, молдавалық әртіс Дан Балан өнер көрсетуге келісімдерін берді. Қазақстандық әртістерден Павлодарға Мерует Түсіпбаева, Ринат Малцагов, Роза Мұқатаева, Қайрат Нұртас және «Жігіттер» квартетінің келуі күтілуде.
