
Өңір басшысы жұмыс сапарымен Павлодар ауданында болды. Бес ауылда облыс әкімі әлеуметтік нысандар мен ауылдық инфрақұрылымды абаттандыру жөніндегі жұмыстарды тексерді.
Әбілқайыр Сқақов орта мектепте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Шақат ауылынан бастады. Мұнда қасбетті, спорт залын әрлеу және электр сымдарын ауыстыру жұмыстары аяқталуда. Өңір басшысы оқу орындары мен басқа да әлеуметтік нысандарды абаттандыру мәселесінде кешенді тәсіл қолданылуы тиіс екенін еске салып өтті.
- Бұл тұрғыда ауыл мен қала арасында теңсіздік болмауы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі. - Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру басталғанға дейін біз құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы жоғары болуы тиіс деп кездейсоқ айтқан жоқпыз. Бүгін ауыл тұрғындары да, аудан басшылығы да мердігердің жұмысын бақылап отыр.
Кемеңгер ауылында Әбілқайыр Сқақов 250 орындық мектеп ретінде қайта жаңғыртылатын бұрынғы оқу-зертхана корпусының ғимаратында болды. Мердігер ұйым үш ай бойы жұмыс істеп жатыр және жоспар бойынша тамыз айының басында нысанды тапсыруы керек. Алайда, аймақ басшысының бақылауына сәйкес, құрылысшылар жұмыстарды белгіленген мерзімде орындай алмайды.
- Сіздерде жұмыстың ең қиыны - нысанды әрлеу жұмыстары қалды. Ол үшін сіздерге бір айға жуық уақыт қажет болады, - деді әкім мердігерлерге. - Барлығын 10 күнде аяқтау үшін сіздерге кем дегенде 100 адам қажет. Адамдарды жаңылыстырудың не қажеті бар?
«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінде Әбілқайыр Сқақов зертханалық корпустың, ветеринарлық кешеннің, жатақхана мен асхананың жай-күйін тексерді. Колледж басшысы Серік Жартыбаевтың айтуынша, бұл орынжайлар жайлардың барлығы салынған күннен бастап жөнделмеген. Күрделі жөндеу білім беру процесін жақсартуға және оқушылардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Студенттердің арасында Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жастар да бар.
Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында өңір басшысына дәнді дақылдардың, жемшөп дақылдарының мен көпжылдық шөптердің жаңа сұрыптарын шығарудағы жетістіктері туралы айтты. Павлодардың «Галицкое» ЖШС, «Победа» ЖШС және басқа да көптеген ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін тұқымның арнайы сұрыптары Кемеңгердегі кәсіпорында шығарылған. Станция қызметкерлері болашақ қант зауытына арналған шикізат базасын дайындау жөніндегі өткен жылғы жұмысқа да қатысты. Әкім ғылыми қызметкерлерден осы жобаны әрі қарай да сүйемелдеулерін сұрады.
Кемеңгер ауылында Әбілқайыр Сқақов бес жыл бұрын салынған дәрігерлік амбулаторияда да болды. Ауылдың медицина қызметкерлері күніне орта есеппен 30 адамға дейін қабылдайды. Мұнда соңғы үш айда 120-ға жуық қоңырауға қызмет көрсеткен мобильді бригада жұмыс істейді.
Ольгинка ауылында өңір басшысына су құбырының құрылысы туралы баяндалды. Бүгінде құрылысшылар тарату желілерін салып жатыр, ал келесі жылы нысанды пайдалануға беруге ниетті.
Облыс әкімі кәсіпкерлермен де кездесті. Жеке кәсіпкерліктердің бірінің өкілі Сергей Кусаинов нан-тоқаш өнімдерін, жартылай дайын өнімдер мен сүт өнімдерін шығаратын цехтарды таныстырды. Барлық өндірілген өнімді кәсіпкерлер ауылда сатады, сондай-ақ облыс орталығына жеткізеді.
Әбілқайыр Сқақов «Ertis» шаруа қожалығының басшысымен де сөйлесті. Василий Хренов 800 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарлары туралы айтып берді.
- 400 басқа арналған алғашқы модуль іс жүзінде пайдалануға беруге дайын, - деп атап өтті фермер. - Жұмысты қыркүйек айында бастауды жоспарлап отырмыз, 12-15 адамды жұмысқа қабылдаймыз.
Сондай-ақ, Ольгинкада Әбілқайыр Сқақов көп жылдар бойы бос тұрған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залы мен мәдениет үйінің ғимараты қалпына келтіріліп жатқан учаскеде болды. Жаңартылған мәдениет үйінің ғимаратында пошта бөлімшесі мен ауылдық әкімдікті орналастыру жоспарланып отыр.
Новоямышево ауылында өңір басшысы мәдениет үйі мен дәрігерлік амбулаторияда болды. Осы ауылда БЖСМ спортзалы жөнделді, онда жастар волейболмен және футболмен айналысады.
Облыс әкімі жұмыс сапарын Заря ауылында аяқтады. Бүгінде мұнда орталық су құбыры жүргізілуде. Құрылысшылар 22,9 шақырым желінің 21 шақырымын салып қойды, 198 құдық орнатып, 200 аулаға құбыр шығарды.
Сонымен қатар Заряда «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударушыларға арналған екі пәтерлі екі үй салынды. Жақын арада тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ауылда сондай-ақ толық көлемді футбол алаңын салу жоспарлануда. Алаң үшін жергілікті спорт кешенінің жанынан қолайлы орын таңдалып алынды. Әбілқайыр Сқақов осы мақсатқа қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі