
Жаңа басшы облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңес барысында таныстырылды.
Олег Костенко 1993 жылы Еңбек Қызыл ту орденінің Свердловск заң институтын тәмамдады. Заңгерлік қызметін 1992 жылы Павлодардағы «Восток» ЖШС-нің кеңесші-заңгері позициясынан бастаған. Мемлекеттік органдардағы жұмыс тәжірибесі мол. 1993 жылы монополиялық қызметті шектеу және жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау бойынша мемлекеттік комитетінің қарамағындағы ақпараттық-кеңес беру орталығының директоры қызметін атқарды. 1997-1998 жылдар аралығында Павлодар облысы Әділет басқармасының аймақтық құқықтық ақпарат орталығының меңгерушісі болды. 1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2003–2015 жылдары – «Қазақстан алюминийі» АҚ заң басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары – «Иртыштрансстрой» Ассоциациясының құқықтық мәселелері жөніндегі директоры болды. Жаңа орынға тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратындағы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметінде болды.