Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Нұрболат Мақашев 2003 жылы «Азық-түлік саласын стандарттау мен сертификаттау» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша «Тұран-Астана» университетін, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Шпайер» әкімшілік басқарудың неміс университетінің магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің кеңесшісі қызметінен бастады. 2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің сарапшысы, бас маманы қызметін атқарды. 2008-2018 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басышысы, директордың орынбасары қызметтерінде болды. Облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін  осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.