Облыс әкімі аудандар мен Ақсу қалаларына жұмыс сапарлары барысында жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Облыс әкімі аудандар мен Ақсу қалаларына жұмыс сапарлары барысында жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Осы аптада өңір басшысы Шарбақты, Успен, Баянауыл аудандарындағы, сондай-ақ Ақсу қаласындағы провизорлық ауруханалар мен дәріханаларда болды. Жұмыс сапарлары барысында облыс әкімі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Ауыл - ел бесігі» және «Еңбек» бағдарламалары аясында жөнделіп, салынып жатқан бірқатар нысандарды да аралады.
 
Шарбақты ауылында Әбілқайыр Сқақов жөнделіп жатқан орталық аудандық кітапханада болды. Өңір басшысы ғимараттың аумағын мүмкіндігінше тиімді пайдалану керектігін атап өтті және кітапхана негізінде балалар шығармашылығы орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Әкім жаңа толық көлемді футбол алаңын аралап, «Еңбек» бағдарламасы бойынша мамандарға арналып салынып жатқан екі пәтерлі үйлердің құрылыс барысымен танысты.
 
Успенка ауылында Әбілқайыр Сқақов №2 жалпы орта білім беретін мектепті абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгін мектеп терезелері ауыстырылып жатыр, келесі жылы едендерді ауыстыру жоспарланып отыр.
 
- Жергілікті билік ақаулық актілерін, жұмыс түрлері мен техникалық тапсырмаларды қалыптастыру сатысында тексеріс жүргізіп, бәрі ескерілген-ескерілмегенін тексеруі керек, - деді облыс әкімі. - Терезелер мен едендерді ғана емес, бәрін бірден жөндеу керек. Кешенді тәсілді қолдану керек. Арасында ешқандай байланыс жоқ компаниялардың бірі терезелерді, бірі шатырды, үшіншісі сантехника мен электр жабдықтарын жобаламауы керек. Жергілікті әкімдіктер бәрін ескеруі тиіс.
 
Успен ауданының Тобылжан ауылында Әбілқайыр Сқақовқа орталық сумен жабдықтау жүйесінің дайындығы туралы ақпарат берді. Мердігер ұйым желілерді өткізу жұмыстарын аяқтап, жеке үйлерді орталық сумен қамтамасыз етуді бастады. Ауылда мұндай 130-дан астам үй бар.
 
Баянауыл ауданында Әбілқайыр Сқақов Торайғыр ауылында болды. Ауылда елді мекеннен Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесіне дейін асфальт жол төселіп жатыр. Оған қоса жол қызметкерлері ілеспе инфрақұрылымды - Торайғыр көліне шығатын жолды, сондай-ақ жағажай мен кесененің жанындағы тұрақ алаңын жайластырады.
 
Ақсу қаласында облыс әкімі спорт-сауықтыру кешені мен Иманжүсіп Құтпанов атындағы спорт сарайындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов бес қабатты жатақхана мен төрт тұрғын үй салынып жатқан учаскелерді аралады. Өңір басшысы биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қайта салынып жатқан бұрынғы тирдің ғимаратында да болды. Жөндеуден кейін бұл жерде пневматикалық винтовкадан атумен және садақ атумен айналысатын болады, сонымен қатар бұл ғимаратта күрес залы орналасады.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі