
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов әріптестерін кәсіби мейрамдарымен құттықтады.


– Мамандандырылған мемлекеттік аппаратының құрылу мәселесі республикамыздағы стратегиялық маңыздылыққа ие, – деп атап өтті ол. – Кез келген демократиялық мемлекет бұл институтты жоғары деңгейде қолдаумен қатар әрдайым жетілдіруі тиіс. Экономикалық дамуға қомақты үлес қосатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысы мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сіздердің біліктіліктеріңізге сенетін адамдарға қызмет етуден құрметті мамандық бар ма?!


ҚМС сахнасында республикалық «Үздік мемлекеттік қызметкер» республикалық байқауының павлодарлық жеңімпаздарын, яғни Павлодар облысы әкімі аппаратының этика бойынша өкілі Юрий Фельдман мен Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Самал Құдайбергенді ерекше атап өтті.
