Да будет вода

 Да будет вода

Су құбырлары Северное, Қызылжар, Луговое, Қарақұдық және Иса Байзақов ауылдарында өткізіліп жатыр. Құбырлар іске қосылған кезде 3,3 мыңға жуық адам орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізіп, аудан тұрғындарының 80%-ы орталықтандырылған ауыз суымен қамтамасыз етіледі.

– Северное ауылында құрылыс жұмыстары өткен жылдың аяғында басталды,- деді «Кең Асар» ЖШС мердігер ұйымының директоры Талғат Ақдәулетов. – Су құбырларының жалпы ұзындығы 18,4 шақырымды құрайды. Олардың ішіндегі магистральді су құбырларының 92%-ы мен сервистік желілердің 60 %-ы өткізілген. 123 үй магистральге қосылған.

Аудан әкімі Серік Батырғожинов айтып өткендей, бүгінгі күні 4 ауылда су қорларының мөлшерін анықтау бойынша жұмыстар, ал 3 ауылда барлау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысының айтуынша әр ауылдағы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін өткізу мәселеcі әрдайым бақылауда болуы тиіс.