Сөз шеберлері

Сөз шеберлері

Салтанатты марапаттау рәсімінде аудандық, қалалық, облыстық басылымдардың қызметкерлері және республикалық басылымдардың меншікті тілшілері бас қосты. Жиналғандардың барлығын аймақ басшысы Болат Бақауов құттықтады.

– Бүгінгі күні интернет пен әлеуметтік желілердің даму заманында басшылық пен халық арасында дәнекер болып жүретін журналистердің қажеттілігі төмендеп келеді деген әңгімелер жиі айтылуда,- деді ол. – Меніңше, керісінше –жаңа технологиялар кәсіби міндеттерін орындауда журналистердің  мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейтті. Уақыт өте келе қоғамымыздың тұрақты дамуы үшін БАҚ маңыздылығы артып, ақпаратты сапалы өңдеу дағдылары мен оның маңыздылығын түсіндіріп, халыққа тиімді әрі қызықты түрде жеткізу әр уақытта қажет болады.

Журналистер, операторлар, фототілшілер мен масс-медианың басқа да қызметкерлері облыс әкімінің атынан Алғыс хаттармен және ақшалай гранттармен марапатталды.