
Әбілқайыр Сқақов үш госпитальде – орталық қалалық ауруханада, «ЕЭК» АҚ емдеу-сауықтыру кешенінде және «Еуразия» медициналық орталығында, сондай-ақ қалалық дәріханалардың бірінде болды.
Ақсу қалалық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Мұқашевтың айтуынша, бір апта бұрын қаланың провизорлық бөлімшелерде 200-ден астам пациент болса, қазір олардың саны 154. Өткен тәулікте стационарлар мен емханаға жүгінулер саны 47-ні және сәйкесінше 48-ді құрады, жұма күні бұл көрсеткіштер 90 және 95-ті құраған.
- Аурудың серпіні толқын тәрізді және болжам жасауды қиынға соқтырады, - деп айтты Павлодар облысының әкімі. - Біздің медициналық қызметкерлер мен медициналық инфрақұрылымдар түрлі сценарийлерге, соның ішінде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына дайын болуы тиіс.
Қалалық аурухана жанындағы госпитальда өкпені жасанды желдететін бес аппарат орнатылған. Бүгінде олардың үшеуі іске қосылған. Алдағы бірнеше күнде медициналық мекемеге үш өкпені жасанды желдету аппараты, тағы 15 күннен кейін екеуі жеткізіледі. Медициналық мекемеде компьютерлік томограф жұмыс істейді. Мұнда тәулігіне 20 зерттеуге дейін жүргізіледі.
Ауру ағымы орташа пациенттердің белгілі бір бөлігі «Еуразия» медициналық орталығы жанындағы стационарда медициналық көмек алады. Бүгінде госпитальда 50 адам бар. Әбілқайыр Сқақов емделушілермен әңгімелесті, олар медицина қызметкерлері жақсы қарайтындарын, дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін, тамағы да жақсы екенін айтты.
«Еуразия» орталығы негізіндегі провизорлық стационар жұмысын бастағалы бұл жерден 150 адам шығарылды. Орталықта пациенттердің барлық медициналық көрсеткіштері мен тағайындалған емі енгізілетін электрондық база қолданылады. Сондай-ақ жеке медициналық орталықта компьютерлік томограф бар.
«ЕЭК» АҚ емдеу-сауықтыру кешені негізіндегі стационарға пациенттерді жағдайы тұрақты болғанда ауыстырады. Бүгінгі таңда бұл провизорлық бөлімшеде 20 адам бар, қауырт кезеңде емделушілер саны 60-қа жеткен болатын.
- Біз дәрі-дәрмекпен, оттегімен қамтамасыз етілгенміз, науқастарды тамақтандыруда мәселе жоқ, - дейді аурухананың дәрігері Құрманбек Бақытбекұлы. - Науқастардан еш қандай шағымдар түскен жоқ.
Ақсу дәріханаларының бірінде өңір басшысы сатылымда қандай дәрі-дәрмек барын сұрады. Фармацевтер антибиотиктер мен парацетамолдың қосымша көлемінің жеткізілуін күтіп отырғандарын айтты. Жалпы, дәріхана антибиотиктермен, антикоагулянттармен, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттармен қамтамасыз етілген.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі