Павлодарлықтар Астана күніне орай астаналықтарға велосипед жолын сыйлады

Павлодарлықтар Астана күніне орай астаналықтарға велосипед жолын сыйлады

Велосипед жолы Астана күніне жеті облыс атынан, яғни Павлодар, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстары жасаған сыйлық болып табылады. Жол жағажай, Есіл өзенінің сол жағалауы, ЭКСПО құрылыстары арқылы өтіп, қала бағының шаңғы-роллерлік трассасы мен Ильинка ауылынан басталатын «жасыл белбеу» арқылы өтетін велосипед жолын байланыстырады. Жалпы 56 шақырымның ішінен павлодарлықтар Мәңгілік Ел – Тұран – Қонаев – Достық (суретте көрсетілген) көшелері шеңберіндегі 11 километр жолды салды. Жуырда велосипед жолы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді.

– Астаналықтар бұл объектілерді салуға қатысқан барлық аймақтарға риза болуы тиіс, – деді мемлекет басшысы. – Астананы бүкіл ел болып салдық, сол сияқты барлығымыз бірге қуануымыз керек.

Павлодар облысының атынан табыс етілген жол демеушілердің, яғни ERG компаниясының қаражатынан салынды. Берілген аймақта жаяу жол жаңартылды, велокөлікке арналған жаңа жол салынды, жиектастар, пандустар, Wi-Fi-ға қосылған интеллектуалды сатылар, үстелдер мен басқа да шағын археологиялық пішіндер орнатылған.