Гүлдене бер, Астана!

 Гүлдене бер, Астана!

Достық үйінде жиналғандардың барлығын аймақ басшысы Болат Бақауов құттықтады. Құттықтау сөзінде ол Қазақстан астанасының саяси, сауда және мәдени жолдардың тоғысу нүктесіне айналғанын атап өтті.

– Астана – Еуразияның інжу-маржаны, – деді ол. – Бүгінгі күні ол тек біздің жерлестерімізді ғана емес, жалпы Қазақстанның барлық қонақтарын таңдандыратын орталық болып табылады. Астанамызың аймағында жүздеген ірі форумдар орын алып келеді. Соның ішінде  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ЕҚЫҰ съезі, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі.

Құттықтау сөзін қорытындылай келе, әкім Павлодар облысының 30-дан астам тұрғынына мерейтойлық медаль тақты. Марапатқа ие болғандардың қатарына мемлекет және қоғам қайраткерлері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері және т.б. кірді. Салтанатты жиынды Қазақстан эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева тамаша әнімен жалғады.