Мереке қарсаңындағы қоныс той

Мереке қарсаңындағы қоныс той

Павлодардағы жаңа үй «Сарыарқа» ауданында салынды.  Бұл үйдегі пәтерлерге мүгедектер, ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көп балалы аналар және басқа да кезекте тұрған адамдар ие болды.

– Мен осы күнді көптен бері күтіп келдім, – деді Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңелген зейнеткер Бекежан Алашбаев. – Өзіңнің жеке пәтеріңе ие болу – әр отбасы үшін үлкен қуаныш. Үйіміздің салынуына қатысқан адамдардың барлығына алғысымыз шексіз!

Ағымдағы жылы ескірген екі қабатты үйлердің орнында пайда болған Павлодардың жаңа шағын ауданында тағы 8 үйдің тапсырылуы жоспарланып отыр.

– Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның барлық азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр және «Нұрлы жер» бағдарламасы осы бағытта жұмыс істейді, – деді жаңа қоныстанушыларды құттықтаған  Павлодар облысының әкімі. – Бүгінгі күні осыған дейін ескі екі қабатты үйлер тұрған жерде құрылыс крандары жұмыс істеп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Баршаларыңызды Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын, отбасыларыңызға береке мен бақыт тілеймін!

Сонымен қатар «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қаражатынан салынған бес қабатты үй пайдалануға берілді. Бұл үйдегі пәтерлер өнеркәсіпте жұмыс істейтін дефицитті мамандық иелері мен жас мамандарға берілді.

– Мен тұрғын үйге қатысты мәселемнің шешілгеніне өте қуаныштымын, себебі мен екі бөлмелі пәтерге ие болдым, – дейді «ЕЭК» АҚ-ның турбиналық жабдықтарды жөндеу мен сынау бойынша инженері Гүлім Шамратова. Қымбат емес тұрғын үй – әр жас маман үшін жақсы шешім.

Энергетикалық компания өкілдері алдағы уақытта да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін танытатыны жөнінде уәде берді. Бүгінгі күні Ақсудың бір шағын ауданында өнеркәсіп қызметкерлері көшетін жаңа тұрғын үй салынуда.