
Мерекеге арналған негізгі іс-шаралар Ertis Promenade сахнасында орын алды. Ыстық, желсіз ауа райына қарамастан, Орталық жағажайда бірнеше мың адам жиналды. Қонақтар «Тәуелсіздіктің жүрегі – Астана» театрландырылған көрінісі мен павлодарлық әншілер мен бишілердің, Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар мереке барысында балаларға арналған, спорттық және ойын алаңдары жұмыс істеді. Ал орталық жағажайда Астананың ең көрікті жерлерінен көрініс беретін құмнан жасалған мүсіндер көрмесі ұйымдастырылды.









Шілденің 7-ші жұлдызында Павлодарда жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын веложарыс өтті. Жарысқа қатыстқан 500-ден астам адам Естай атындағы мәдениет сарайынан бастап, Астана-Ак.Шөкин-Тәуелсіздік даңғылы-Ладожская көшелерінің бойымен және кері бағытта барып қайтты. Жарысқа шыққандардың қатарында ересектер мен балалар, кәсіпқойлар мен әуесқойлар болды.