Әбілқайыр Сқақов Шарбақты және Успен аудандарындағы провизорлық ауруханаларды аралады

Әбілқайыр Сқақов Шарбақты және Успен аудандарындағы провизорлық ауруханаларды аралады

Павлодар облысының әкімі ауруханалардың медициналық қызметкерлерімен және пациенттерімен сөйлесті, сондай-ақ ауылдық жерлерде дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерін білу үшін жергілікті дәріханаларға барды.

Шарбақты аудандық ауруханасының негізінде орналастырылған провизорлық ауруханада бүгінде 104 науқастың 31-і шығарылды. Жалпы, ауруханада жұмыс істегеннен бері 170-тен астам адам емделіп шықты.

- Бізде орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету орны жоқ, қарқынды терапия палаталарында  оттегі баллондарын пайдаланып отырмыз, әзірге бұл жеткілікті, - деді аурухананың бас дәрігері Бақыт Қасымова. – Қазірде біздің аурухананы оттегімен қамтамасыз етуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайын.

Стационарлық емдеуден өткендердің дәрігерлердің жұмысына шағымдары жоқ. Керісінше, пациенттер өңір басшысына дәрігерлер мен медбикелер өте ықыласты және қамқор екенін айтты.

- Біздің дәрігеріміз алтын адам, ол әрқайсымызға көңіл бөліп, бәрін балаларға түсіндіргендей жеткізеді, - деді провизорлық аурухананың бір емделушісі. – Бүгін, осындай қиын-қыстау кезде олар жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр. Білесіз бе, ауысым аяқталарда олар мына костюмдерімен жұмыс істеп, шаршап, бізге процедуралар жасағанда біз оларға «рахмет» дегенімізде, олардың көзінен ризашылықты көреміз. Олар біздің «рахметімізді» сезінеді - бұл ең бастысы.

Успен ауданының провизорлық ауруханасында бүгінде 22 адам емделуде. Жақында ғана науқастар саны 46-ға жеткен болатын. Олардың барлығы аурудың орташа ауырлық дәрежесіне ие.

- Тамыз айында біз жаңа өкпені жасанды желдету аппараттарының жеткізілімен күтіп отырмыз, - деді Успен аудандық ауруханасының бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Райхан Нұртазина. - Біз орталықтандырылған оттегі орнатуға тапсырыс беріп қойдық, әзірше төрт оттегі нүктесін қолданып отырмыз.

Шарбақтыдағыдай, Успендегі ауруханаларда медициналық персоналдың жұмысына шағым болған жоқ.

- Дәрігерлер мен медбикелер жұмыс істеп жатыр, бізге қамқор - , дейді науқастар. - Ауруханада жақсы тамақтандырады.

Әбілқайыр Сқақов қалада да, ауылда да оқиғалардың кез-келген дамуына дайын болу керектігін айтты. Қысқа мерзімді міндеттердің бірі - Павлодар облысындағы провизорлық ауруханаларды орталықтандырылған оттегі станциясымен қамтамасыз ету. Сондай-ақ өңір басшысы ауылдарға дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді тартуды тапсырды.

- Бұл үшін жергілікті билік мамандарға, бірінші кезекте тұрғын үй беру арқылы жағдай жасауы керек, - деп мәлімдеді Әбілқайыр Сқақов. - Ауылдық медицинаны күшейту керек, сондықтан мен жас мамандарды, әсіресе дәрігерлерді біздің ауылдарға тарту мәселелерін қолдаймын.

Екі аудан орталығында да облыс әкімі дәріханаларда болып, ондағы дәрі-дәрмектердің түрлерімен танысты. Дәріханаларда Әбілқайыр Сқақовқа дәрі-дәрмектерді аптасына бірнеше рет алатындарын айтты.

Облыс әкімі барынша кең таралған дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер, антибиотиктер және вирусқа қарсы құралдарды тізіп, олардың бар-жоқтығын сұрады. Шарбақтыда парацетамол және вирусқа қарсы препараттар кешке жақын жеткізеді деп күтілуде, қалған дәрі-дәрмектер бар болды. Успен дәріханасында 20 шілдедегі түскі уақытта сұранысқа ие дәрі-дәрмектер тапшы болған жоқ. Дәрі-дәрмектердің бағасына келетін болсақ, бұл мәселе аудан әкімдіктерінің тұрақты бақылауында. Мысалы, Успен дәріханасында парацетомолды 80 теңгеге сатып алуға болады. Фармацевттер медициналық термометрлердің жетіспеушілігі туралы да айтты. Облыс әкімінің айтуынша, өңірге термометрлердің үлкен партиясы келе жатыр,  олар дәріханалардың қажеттіліктеріне қарай таратылуы керек.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі