
Танымал композитор және халық әндерін орындаушы мүсінінің ашылуы Усолка шағын ауданында өтті. Қолында сырнай ұстап тұрған Майра Шамсутдинованың фигурасы толығымен қоладан құйылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,5 метрді құрайды, ал салмағы 270 килограмға жетті. Туындыңың авторы – танымал мүсінші Азат Баярлин, жобаға тапсырыс беруші – Павлодардың Құрметті азаматы Қуат Есімханов.

Павлодар өңірін танымал еткен Майра бірте-бірте ұмытыла бастады, – деді меценат. – Әйел адамдардың сахнада жүріп, өнер көрсеткендері дөрекілік деп саналған кезеңде ол алғаш рет өз тыңдарманына ашылды. Сонымен бірге кейде батыс жақта адамдар Майра жайлы бізден гөрі көбірек біледі. Ондайға жол беруге болмайды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Павлодар қаласының Құрметті азаматтары мен Алматы, Астана қалаларынан келген қонақтар қатысты.


