
Аса көрнекті қазақ ақынының туған жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында 27 киіз үйді қамтитын этноауыл салынып, жалпыхалықтық мереке ұйымдастырылды.

Киіз үйлер қалашығында алтыбақан орнатылды, мерекелік сауда ұйымдастырылды және қазақ ұлттық спорт түрлері – тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. Баянауыл тауларында демалуды құп көргендердің арасында әр түрлі аймақтардан жиналған адамдар болды.

– Халық мерекесі туралы достарымыздан естідік, біз ойланбай жиналып, осында тартып кеттік, – дейді Қарағанды облысының тұрғыны Қайырбек Жоламанов. – Мереке керемет өтті, менің ұлдарым тауларда уақытты жақсы өткізді, көлде шомылды. Меніңше Сұлтанмахмұт Торайғыров – қарапайым ақын емес, ол қазақ халқының біртуар ұлы. Бұл дарынды адамның отанында оның мұрасы мен ол жөнінде естеліктер сақталған.

Барлық адамдар бауырсақ пен қымыздан дәм тата алды. Павлодарлық тағамдардың дәмін ұмытылып бара жатқан қазақ ұлттық тағамының 50-ден астам рецепін жаңартқан этнограф Әйгерім Мұсағажинова да көрді. Оның айтуынша қазақ тағамдары ол тек бесбармақ пен бауырсақ қана емес.

– Ол сан қырлы, – деді «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері. – Біз қалпына келтірген әр рецептің өзіндік мағынасы бар. Мысалы, тек ер азаматтар ғана әзірлеп, өздері жейтін тағамдар да бар. Кейбірі отбасыішілік, мысалы ана мен қыздың арасындағы, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты көрсететін тағамдар.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қабиден Әубәкіровке ескерткіш орнатылуын орайластырды. Өз заманында ол 20 жыл бойы ауылды басқарып, елді мекенді ұлы ақынның атымен атау үшін біраз тер төккен.
– Қабиден Әубакіровтің кезінде Баянауыл ауданында қой өсірумен айналысатын 34 ферманың ашылғаны туралы көбі біле бермейді. Торайғырдан аудан орталығына дейін жол салған да осы кісі, – деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өз сөзінде. – Сол себепті осындай Қабиден Әубәкіров секілді жерлестерімізді ұлықтап, ел үшін атқарған еңбектерін өскелең ұрпаққа жеткізіп, олар туралы естеліктерді көбейтуіміз керек.

Ақынының мерейтойына арнап Баянауыл ауданында 30 километрлік дуатлон ұйымдастырылды. Жарысқа 100-ден астам адам қатысты. Әрқайсысы 5 километр қашықтықты жаяу жүгіріп, қалған 25 километрін велосипедпен жүріп өтті. Мәреге жеткендердің барлығын танымал екібастұздық марафоншы Марат Жыланбаев марапаттады. Естеріңізге салсақ, осыдан 30 жыл бұрын өзі де Эльбрус шыңына көтерілу үшін Баянауылда жаттыққан.
– Елімізде бұқаралық спорт түрлерінің дамуына көп назар аударылып жүргені дұрыс, әсіресе жүгіруге,- деді Марат Жыланбаев. – Сонымен қатар жүгірудің спорттың ең қолжетімді түрі екендігін ұмытпауымыз керек. Гректер «Денің сау болсн десең – жүгір» деп бекер айтпаған ғой. Таза ауада, таулардың арасында жүгіру екі есе пайдалы.

Сонымен қатар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мерейтойын тойлау қарсаңында ақынға арналған шығармалары ұсынылған ақындар сайысы өтті. Бұл сайыстың жеңімпаздары онлайн–дауыс беру арқылы анықталып, нәтижелері этноауылдың бас сахнасында жарияланды. Бас жүлдеге Шығыс Қазақстан облысынан келген Рауан Қабидоллин ие болды. Бірінші орын шымкенттік Батырхан Сәрсенхановқа бұйырды. Екінші орынды өз араларында Астана қаласынан келген Қарлығаш Қабай мен Ұнтыл Зарыққанұлы бөлісті. Үшінші орын 3 номинантқа, яғни алматылық Айдана Майсарбекқызына, көкшетаулық Қайрат Сейітказинге және павлодарлық Жарқынбек Амантайға берілді.