
Президент борты Павлодар қаласының әуежайына келіп қонды. Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар қаласына жұмыс сапары бір күнге созылмақ. Жоспар бойынша елбасы қосындыланған алюминийді шығарумен айналысатын «Giessenhaus» ЖШС-ға, кабельді өнімдерді өндірумен айналысатын “Қазэнергокабель” АҚ-ға және Павлодар мұнай-химиялық зауытына барып қайтады. Әр кәсіпорында мемлекет басшысына жұмыстағы жетістіктер және болашаққа жоспарлар туралы баяндалатын болады.
Сонымен қатар Президент қалпына келтірілген облыстық Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барып қайтады. Кітапханада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Павлодар облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы және “Президенттің бес әлеуметтік бастамасын” жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтетін болады.