Алынбайтын асу жоқ

Алынбайтын асу жоқ

Депутаттардың алдында есеп беріп болғаннан кейін Болат Бақауов республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті. Көбі келесі жылы жалпы ұзындығы 6,2 шақырымға жететін жағажайдың жағдайы толғандыратынын айтты.

– Бүгінгі күні жұмыс бұрын «ҚазТрансОйл» АҚ ғимараты орналасқан жерден теміржол көпіріне дейін жүргізіліп жатыр,- деп атап өтті аймақ басшысы. – Бұл жерде орналасқан «Қазқонақ» табиғи ескерткішіне ешкім тиіспейді деп нық сеніммен айта аламын. Сонымен қатар біз жағажайды нығайту бойынша жұмыстарды атқарып, бақ бойымен жағажай мен ескерткішті ағынды судан қорғау мақсатында желі тартамыз.

Соған қоса масс-медиа өкілдері салынып жатқан онкологиялық диспансерге қажетті жабдықтарға жұмсалатын қаражаттың жеткіліктілігі жөнінде сұрақтар қойды. Әкім бұл мәселенің толықтай шешілгені жөнінде хабарлады.

– Егер біз жобаның жүзеге асырылуына бірден 12 млрд. сұрасақ, ондай қаражатты ешкім бөле алмаушы еді, – деді Болат Бақауов. Сол себепті біз оны екі кезеңге, яғни, ғимараттың салынуы және жабдықтарды сатып алуға  бөлуді жөн көрдік.  Ғимарат жылдың аяғына дейін салынып бітеді, келесі жылы біз оған қажетті желілік жеделдеткіштерді жеткіземіз. Осы мақсаттарға қаржы бөлінді.

Ауыл шаруашлығы саласын дамытуға қатысты сұрақтарға жауап беру барысында аймқа басшысы жаңа қант зауытын салу бойынша жоспарларымен бөлісті. Бұл жоба өткен жылы, Польшадан инвесторлар келген кезде талқылана бастады.

– Тез жасалатын жұмыс жоқ, – деді әкім. – Жоба туралы алғашқы ой келгеннен оның жүзеге асырылуына дейін көп уақыт өтетінін түсінулеріңіз қажет. Мысалы, жоспарлау мәселелерін шешу үшін бір жарым жылдай қажет! Еліміздегі жетекші қант өндірушісі болып табылатын Алматы облысында осы жылы қызанақты 9 мың гектар алқаптарда суарады. Ал біздегі барлық инфрақұрылымды есепке ала отырғанда «Пахарь» шаруа қожалығының ауданы 9 мың гектарды құрайды. Егіс айналымы үшін біз осы аймақта қант қызылшасын өсіре аламыз. Сонымен қатар, біздің кейбір тәжірибелі шаруаларымыз оның қанттылығын шығарып, сапалы тамыр жеміс өсіре алады.  Біз, өз кезегімізде, біздің жерімізге келетін жабдықтарды қарап, оның бағасын салыстырып, Қант қызылшасын сақтау мен жинау жолдарын зерттеу үстіндеміз.