
Әскери-патриоттық қозғалыс пен мамандандырылған әскери мектеп-интернаттарының 800-ден астам өкілі Қарағанды облысындағы “Спасск” оқыту орталығында бірнеше күн қатыранан жоғары білімі мен күш-қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, әскери дағдыларын да танытты. Олардың қатарына 16 аймақтың әскери-патриоттық клубтарынан жиналған 7 республикалық әскери мектеп, мектеп-интернат оқушылары мен жиын қонақтары болды.

Әскери-патриоттық жиынның қорытындысы бойынша Павлодар облысының әскери-патриоттық клубтарының құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, ал әскери тактикалық ойында жерлестерімізге гран-при бұйырды. Өңіріміздің атынан аймақтық дене тәрбиесі бойынша оқу-практикалық орталығы және АӘД басшылығымен облыстық әскери мектеп-интернаты мен облыстық әскери-патриоттық клубтарының өкілдері өнер көрсетті.


Павлодар облысының әкімі балаларды жеңістерімен құттықтады. Ол коллективтің ауызбіршілігі мен патриоттылығын атап өтіп, клубқа жаңа белестерді бағындыруды тіледі.